Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қызылордада 254 келі балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды

Қызылордада 254 келі балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды

Қызылордада 254 келі балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаған тұрғыннан 254 келі балық тәркіленді , – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Арал ауданы «Қаратерең» ауылының тұрғыны «Ақлақ» су бөгетінде заңсыз балық аулау үстінде табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлерінің қолына түсті. Облыс көлемінде 1-31 мамыр аралығында «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шара барысында арнайы мобильдік топ құрылған. «Заңсыз балық аулаған тұрғыннан резеңке қайық, ау және 254 келіден астам балық тәркіленді. ​ Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 335-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Онда балық ресурстарын заңсыз алу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұдан бұрын Қызылордада жергілікті тұрғын ауылдасының өліміне себепші болды.  

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату