Ақтау «ақылды» қалаға айналады

23 Қыркүйек, 2019 145 0

Ақтау көшелерінде тегін Wi-Fi орнатылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл «Ақылды қала» жобасы арқылы іске асырылады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Маңғыстау облысының әкімдігі мен еліміздегі ең ірі телекоммуникация компаниясы «Қазақтелеком» АҚ 4 меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық аясында тараптар Ақтау қаласында «SmartCity» пилоттық жобасын жүзеге асыруға шарт жасасты. 

Осылайша, қала көшелерінде және жолдарда соңғы үлгідегі заманауи видеобақылау жүйесі, тегін Wi-Fi, жедел-жәрдемнің диспетчерлік қызметін автоматтандыру сияқты бағдарламалар жүзеге асырылады. Осыған дейін, Арыс қаласында цифрландырылған гаджеттер тұрғын-үйлердің құрылысы мен әлеуметтік нысандарды бақылауға мүмкіндік берген еді. 

«Бұл – туристік өлке, мұнай-газ кәсібі дамыған, жаңа технологияларымыз: «Big data» өңірдегі кәсіптердің экономикалық тиімділігін арттыруға, экологияға зиянды заттардың шығарылуын азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір туристі қай өңірден келетінін, оны қандай қызмет қызықтыратыны туралы алдын ала білуге болады. «Big data» бойынша осы деректерді білу арқылы оптималды шешім қабылдауға болады. «Ақылды қала» жобасы өте тиімді. Ол 2020 жылы аяқталады деп күтілуде», - дейді «Қазақтелеком« компаниясының өкілі Самат Имбаев.



Тегтер: Ақтау, жаңалықтар, «ЦифрлықҚазақстан»

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.