«Атамекен» экспедициясы Қарағанды облысында
«Атамекен» экспедициясы Қарағанды облысында
«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ бастамасымен ұйымдастырылған «Атамекен» экспедициясы жазиралы Жаңаарқа –Жезқазған- Ұлытау өңірлеріне ат басын тіреді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рухани сапардың салмағы зор.
Қазақ халқының мәдениеті мен тарихын, аймақтардың туристік әлеуетін насихаттау - экспедиция барысындағы басты мақсат.
Екі күндік экспедицияда журналистер Жаңаарқа ауданы, Жезқазған және Ұлытау өңірлеріне орналасқан тарихи киелі нысандарды аралайды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.
Ел ішіне ерекше салтанатпен келген экспедиция құрамында «Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ төрағасының орынбасары Ерболат Тілекқабылұлы Қамен, «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары Талғат Садықұлы Батырхан, «Saryarqa Aqparat» ЖШС директоры Қамбар Ахмет, «Egemen Qazaqstan» газеті Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Қайрат Әбілда, «Egemen Qazaqstan» газетінің бөлім меңгерушісі Мирас Асан, ардагер журналист Торехан Майбас секілді руханият серкелері мен жергілікті БАҚ өкілдері бар.