Жаңа жолдауда не айтылады?
Жаңа жолдауда не айтылады?
Осы аптада, сәрсенбінің сәтті күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасайды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.
Президент ел экономикасын ілгерілетуге арналған жоспарды 1-қыркүйек күні сағат 11:00-де өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасамақшы. Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады. Айта кетсек, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың осымен Президент ретінде жариялаған үшінші Жолдауы болмақ. Осы уақытқа дейін бірінші Жолдауын 2019 жылдың екінші қыркүйегінде, екінші жолдауын 2020 жылдың 1-қыркүйегінде жариялаған болатын. «Еуразия» бірінші арнасында айтылды.
https://youtu.be/NEPFo7PVdgA?t=1230