Жаңалықтар

Ақтөбеде жаңа автобус жолға шықты

Ақтөбенің атқарушы билігі автобус мәселесін шешу үшін инвесторлардың көмегіне жүгінді. Жаңа тасымалдаушы мекеме қыркүйектен бастап  қызметіне кіріспек. Компания қалаға сыйымдылығы үлкен сужаңа 32 автобус алып келді. Жыл соңына дейін тағы да 150 көлік сатып алуды жоспарлар отыр.  Автобустар  29 орындық, оған қоса бір мезетте 60-70 жолаушыны тасымалдай алады. Жалпы, қоғамдық көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін қазынадан 1,3 млрд теңге субсидия қарастырылған, деп newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. АСХАТ ШАХАРОВ, ҚАЛА ӘКІМІ: Үш маршрутқа шығады. Орталық маршруттар. 8, 47 , әрі қарай автобус келгесін тағы да қосымша қараймыз. Ең басты мәселе  арақашықтықты сақтау. Соған байланысты мобильді приложение арқылы тұрғындар маршуттың жүрісін қарап отырады».Жаңадан құрылған мекеменің өз базасы жоқ, алайда жыл соңына дейін барлығы реттеледі деп отыр. Қазір комания жергілікті тұрғындар арасынан жүргізушілерді жұмысқа қабылдап жатыр. Орташа жалақы  200 мың теңгеден кем болмайтынын айтты. ДАУРЕН НҰРЛАЕВ, ТАСЫМАЛДАУШЫ КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ: «Біздің өзіміздің қаражатымызға, «БРК-лизингпен» бірге «Фонд развития промышленностипен» бірге алынған зат. 12 метрлік новый автобустар. «Еуро 5» стандарт, ішінде кондиоционері бар. Қыста жылы, қыста салқын, GPS-навигация, видеокамерасы бар». https://youtu.be/NEPFo7PVdgA?t=1269