"Пугачева да тамаша тұрып жатыр ғой": Луинаның күйеуі өзінен 7 жас кіші болып шықты

23 Қыркүйек, 2019 620 0

Жуырда отбасын құрған әншінің күйеуі той кезінде сұхбат беруден бас тартты. Айтуынша, танымалдылықты аса ұната бермейді. Есесіне олардың жақын достары қос ғашықтың арасында 7 жас айырмашылығы бар екенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Аталған сайт мәліметінше, Луинаның сүйіктісі өзінен 7 жас кіші, яғни 1994 жылы дүниеге келген. Бір қызығы бұл некеге жұлдыз қауымы жатырқап жатқан жоқ. 

«Пугачева ханым да күйеуімен бірге тамаша өмір сүріп жатыр. Балалары да тамаша. Сол себепті махаббат жасқа қарамайды», - дейді Мақпал Исабекова. 

Сондай-ақ, Айқынның келіншегі атанған Жұлдыз Өмірғали де бастысы арадаға түсіністік екенін айтады. 

«Менің ойымша, махаббат жасқа қарамайды. Адамдар бір-бірінен энергетиканы жақсы сезінсе, жанына орақ әңгімелер табылса, махаббат жасқа қарамайды деген ойдамын», - дейді жас әнші. 


Тегтер: Луина, әнші, той, үйлену, сұхбат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.