Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіттің кім екенін белгілі болды
Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіттің кім екенін белгілі болды
Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған адам ТЖМ қызметкері екені белгілі болды. Табылған адамды туыстары таныды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.
"Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіттің кім екендігі анықталды. Ол №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович болып шықты. Мәйітті марқұмның туыстары таныды. Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он бес адамға жетті", - делінген хабарламада.
"Сергей 21 тамызда 41 жасқа толған. Кеше ұлының туған күні болып, 14 жасқа толды. Қызы екі жаста. Өрт сөндіру бөлімінде ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеді", - деген Экспресс К-ге марқұмның туыстары.
Еске сала кетсек, 26 тамыз күні 19:00 шамасында Жамбыл облысындағы Байзақ ауданында әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймасында өрт шыққан болатын. Тілсіз жаудан соң он шақты жарылыс болды. Нәтижесінде100-ге жуық адам зардап шекті. Оның ішінде 49 ТЖМ қызметкері бар. Соңғы мәліметтер бойынша қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.
Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.