Түркістанда кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша кезекті жиын өтті
Түркістанда кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша кезекті жиын өтті
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруымен бейнеконференц байланыс арқылы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ инвестициялық қызмет барысында пайда болатын проблемалық мәселелерді жан-жақты талқылау.
Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғ.Жүндібаев, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл Кеңесінің төрағасы О.Кабиштаев, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Н.Каримбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіп кешен бойынша директордың орынбасары А.Ибадуллаев, Сатып алу және жергілікті қамту бөлімінің басшысы С.Игенов пен мемлекетті органдар мен бизнес-қауымдастықтың өкілдері қатысты.
Бейнебайланыс жүйесі арқылы өткен шарада ауыл шаруашылығына бөлінген дизель отындарын тарату және мемлекеттік сатып алудың басты қағидаларының бұзылуы бойынша мәселелер қаралып, кәсіпкерлерді алаңдатқан түйткілді мәселелер ортаға салынды.
Сондай-ақ, бизнес пен инсвестицияны сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау – мемлекет саясатында айрықша маңызға ие екендігі баса атап өтілді.
Бизнесті қорғау мәселелері жан-жақты талқыланған жиын соңында дизель отындары аудандарға тиісті деңгейде жеткізілмейтіндігі бойынша кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері мен талап-тілегін тыңдаған Кеңес мүшелері кәсіпкерлердің бұл пробламалық мәселелерін назарға алатынын жеткізді.
Айта кетсек, кәсіпкерлікті сыбайлас жемқорлықтан 100% қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Түркістан өңірінде «Protecting Business and Invesments» (Бизнес пен инвесторларды қорғау) жобасы аясында Департаментпен жалпы құны 665 млрд. 565 млн. теңгені құрайтын 70 жоба сүйемелдеуге алынып, жыл басынан бері бизнесті қорғау шеңберінде 70 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтірілгенін және соның нәтижесінде 2 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.