Жаңалықтар

12 Мамыр елде және әлемде болған оқиғалар

Халықаралық медбикелер күні.

Қырым соғысы кезінде (1853-1856) санитарлар жасақтарын ұйымдастырып, оларға басшылық еткен ағылшын медбикесі - Флоренс Найтингейлдің туған күні құрметіне орай атап өтіледі. Әр екі жыл сайын Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы ең үздік 50 медбикеге Флоренс Найтингейл атындағы медальдарды тапсырады. 1954 жылы Лондонда өткен конференцияда Теңіздің мұнаймен ластануының алдын алу туралы халықаралық конвенцияға қол қойылды. 1996 жылы Иранның Мешхед қаласында Трансазия темір жол магистралінің Мешхед-Теджен-Сирахс учаскесін ашудың салтанатты рәсімі өтіп, оған Елбасы Н.Ә.Назарбаев мәртебелі қонақ ретінде қатысты. Жалпы ұзындығы 11 мың шақырымды құраған жаңа темір жол Тынық мұхиты жағалауын, Қытай мен Орта Азияны, Иран мен Түркияны жалғастырды. 1995 жылы  Корея Республикасында Қазақстан Республикасының елшілігі 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Астанадағы резиденциясында Нобель сыйлығының лауреаттарын қабылдады. 2005 жылы Өзбекстанда Әндіжан оқиғасы орын алды. 2007 жылы Түрікменбашы қаласында өткен үшжақты саммитте Қазақстан, Ресей және Түрікменстан Президенттері - Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Гурбангулы Бердымұхамедов Каспий газ құбырын салу туралы бірлескен декларацияны қабылдады. Газ құбыры Каспий жағалауын бойлай, Қазақстан мен Ресей арқылы Түрікменстан аумағы арқылы өтетін болып межеленді. 2016 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы Жалтыркөл ауылында Екінші дүниежүзілік соғыс сарбаздарына арнап ескерткіш орнатылды.