Жаңалықтар

Аман қалған өрт сөндіруші: "Әскерилер жарылыс болмайды деп айтып, өздері кетіп қалды"

Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасында жарылыс  орын алып, 14 адам ажал құшты. Дәл екі жыл бұрын Түркістан облысына қарасты Арыс ауданында оқыс оқиға орын алған болатын. Бұл жолы қоймадағы от жалынды сөндіруге алғашқылардың бірі болып, өрт сөндірушілер барған еді. Тілсіз жауды ауыздақтуға мүмкін болғанымен, жарылыс орын алып, адам шығыны болды. Ал сол апаттан аман қалған өрт сөндіруші оқиғаның қалай болғанын журналист Ирина Советжанқызына өзі баяндап берді, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы. Алмас есімді өрт сөндіруші ауруханада екі көзі көрмей қалған. «Алдыңғы есіктің жанында тұрған бізді камаздың артқы есігінінен жұлыынп шығарды. Ары қарай от жанып, ыстық, қараңғы болып кетті. Бүркеніп жатқан күйі екі көзім бірдей көрмей қалды, қолдарым сынып кетті. Қарауыл басшысы мені айқайлап жүріп тауып, цементтің артына тастап, екінші адамды шығаруға кетті. Сол сәтті тағы бір жарылыс болды. Бәрімізді бір жерге жиған соң, бетіме су шашып, көзің көре ме деп сұрады. Көрмейді, дедім. Сөйтіп белдігімнен сүйреп біраз жерге апарды. Айнала қараңғы, түтін, дем аламай, жөтеліп жүргенде бір бірімізден ажырап қалдық," -деді ол өткен оқиғаны есіне алып.

Одан кейін ол айқайлап, өрт сөндіруші, ТЖМ, 051, құтқару қызметінің адамдарын көмекке шақырғанын, санаулы ғана жауынгердің жарылыс маңында болғанын, құтқарушылар өртпен алысып жатқанда әскерилер сап түзеп, өрт сөндірушілерге көмектеспестен әскери бөлім аумағынан кетіп қалғанын айтып берді.
"Біздің үлкен бастық әскерилерден «Жарылғыш зат бар ма?» деп сұрағанда олар «жоқ» деп жауап берді. Басқа адамдардан тротил бар екенін естіп қалдым. Үлкен полковник кісіден жарыла ма деп сұрап едім, жарылмайды, "далбаса нәрсе", деді ол. Біз өрт сөндіре бастағанда оқтар ақырындап атыла бастаған еді. Сосын басшымыз күдіктене бастады. “Бір шикілік бар секілді. Ақырындап артқа шегінейік” деді. Сол кезде жарылыс болды”, – деді зардап шегуші. https://www.instagram.com/tv/CTKwfljFfdf/?utm_source=ig_web_copy_link