Жаңалықтар

Жылыту маусымына дайындық басталып кетті

Жылыту маусымына дайындық басталып кетті

Түлкібас ауданында жылыту маусымына дайындық шаралары пысықталды, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі. Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Тиісті мекеме басшылары бас қосқан жиналыста бүгінгінің өзекті мәселелері ортаға салынды. Күн тәртібіндегі аудандағы эпидемиологиялық жағдай мен ұжымдық имунитет қалыптастыру мақсатындағы вакцинация жұмыстары, бюджеттік мекемелердің жылыту маусымына дайындығы және индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы тиісті мекеме басшылары тарапынан баяндалды. Баяндамашылардан соң жиынды қорытындылаған аудан әкімі екпе егу жұмыстары төмен жүргізілген ауылдық округтерде түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Айта кетсек, қазіргі таңға бекітілген санаттағы аудан тұрғындарының 81,3 пайызы екпе алған. Соңғы аптада коронавирус инфекциясы 24 азаматтан анықталса, алдынғы аптада 35 азамат індет жұқтырған. Яғни, инфекцияны жұқтыру көрсеткіші төмендеп, вакцинация өз нәтижесін көрсетуде. Аудан басшысы жылыту маусымына дайын емес мекеме басшыларына ескерту жасап, кемшілікті жоюға мерзім белгіледі. Сонымен қатар, жеке секторларда анықталған қолданысқа тиім салынған Иран пештерінің қауіптілігін тұрғындарға түсіндіруді тапсырды. Республикалық, облыстық, және аудандық маңызы бар жолдардың қысқы мусымға дайындығы да күн тәртібінде талқыланып, аудан әкімі жауапты мекемелерде көктайғақты алдын-алу мақсатында қолданылатын инертті материалдар мен техникалар қыркүйек айының аяғына дейін дайын болуы қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, мектептердегі оқушылар қауіпсіздігі үшін орналастырылған бейне бақылау камераларын тез арада аудандық полицияның кезекші бөліміне қостыруды тездетуді тапсырып, оқу ғимараттарының жылу жүйесіндегі анықталған кемшіліктерді 1 қыркүйекке дейін реттеу қажеттігін ескертті.