Жаңалықтар

Түркістан: 600 азамат жалдамалы пәтерге ие болды

Түркістан: 600 азамат жалдамалы пәтерге ие болды

Кентау қаласында 600 азаматқа жалдамалы пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  width= Кентау қаласында 600 азаматқа жалдамалы пәтер кілті табысталды. Оның ішінде жеттім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға -109 пәтер, көп балалы отбасыларға - 106 пәтер, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары санаты бойынша - 227 пәтер, мемлекеттік қызметшілерге - 139 пәтер, апаттық жағдайда деп танылатын азаматтарға 4-пәтер берілді.  width= Жалдамалы баспанамен қамтылғандардың қатарында қала тұрғыны Тулеубекова Қалампыр. Ол 2015 жылы үйге мұқтаж азаматтар кезегіне көпбалалы отбасылар санаты бойынша кезекке тіркелген. Қала тұрғыны осы уақытқа дейін тұрғын үй кезегін үнемі EGOV- электрондық порталы арқылы бақылап отырған. Көпбалалы ана 6 жылға жуық уақыт бойы тұрғын үй кезегін сабыр сақтап, шыдамдылық танытып күткен. Бүгінде жалдамалы баспанаға қол жеткізген отбасының қуанышында шек жоқ. Дәл осы секілді қаншама қала тұрғыны көптен күткен тұрғынүйге қол жеткізіп, қуанышқа кенелді.  width=