Жаңалықтар

Келесте жылына 12 млн. кірпіш өндіретін зауыт жұмыс істеп тұр

Мәжілісінің депутаттары Келес ауданындағы кәсіпорындарда болды, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясының мүшелері Мыңбай Дархан Қамзабекұлы мен Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы және «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы Келес ауданына іс-сапар барысында Абай ауылындағы «AIBI-AI»(АЙБИ-АЙ) ЖШС-нің күйдірілген қыш шығаратын зауытта болды. Жобаның жалпы құны 251,0 млн теңге, аталған өндіріс орны жылына 12,0 млн дана күйдірілген қыш өндірсе, бүгінгі күні 35 адамды жұмыспен қамтыған. Аталмыш кәсіпорын басшысы Өсербай Тұрқұлов Мәжіліс депутаттарын зауыттың автоматтандырылған жаңа технологиялық қондырғысымен және зауыттың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Былтырғы жылы бір қыштың құны 45 теңге болса, бүгінгі таңға газ отыны мен электр энергиясының қымбаттауы себепті құны 65 теңге болып көтерілген. Мәжіліс депутаттары өндіріс орнының жұмысына жоғары баға беріп, кәсіпорын басшысына өдіріс орынын жетілдіруге сәттілік тіледі.