Қарақия ауданындағы өзекті кездесу

20 Қыркүйек, 2019 150 0

Қарақия аудандық әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу мәселелері бойынша өзекті кездесу болып өтті.

Іс-шараға Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Нұргүл Жанназарова, жас мемлекеттік қызметшілер, аудан жастары және қоғам өкілдері қатысты.

Кездесу барысында аумақтық департамент басшысы Нұргүл Жанназарова Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жобаның маңыздылығына тоқталып өтіп, кадрлық резервке іріктеу тәртібі мен механизмдерін көрнекі құралдарын қолданып, бейнероликтерді көрсету арқылы түсіндіріп өтті.

«Заманауи цифрлық әрі озық елдердің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміздің жас мемлекеттік қызметшілерді, квазимемлекеттік сектор мен бизнес-қауымдастық өкілдерін Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Президенттік жастар кадрлық резервіне белсенді қатысуға шақырамын. Бұл жоба жас мамандарға үлкен лауазымдарда өз әлеуетін жүзеге асыруға зор мүмкіндік беретініне сеніміміз мол. Біз аумақтық департамент тарапынан кадрлық резервті жұртшылыққа кең көлемде жеткізу мақсатында ақпараттық жұмысты жүйелі түрде жүргізетін боламыз»,- деді өз сөзінде Нұргүл Алмасқызы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осыған ұқсас ақпараттық жұмыс тек қала шеңберіндегі мекемелер емес, аудандарда да жалғасын табатын болады.

Жастар да өз кезегінде аумақтық департамент басшысына алғысын білдіріп, оң пікірлерімен бөлісті. Мысалы, Айдын Смағұлов:«Президенттік жастар кадрлық резервінің мақсаты мен міндеттерін толық түсіндік. Ендігі кезекте мен барша замандастырымды әрбір жас маман үшін маңызды жобаға белсенді қатысуға шақырамын»,-деп тілегін жеткізді.

Сонымен бірге жас мамандар Данияр Жақсылықов пен Дастан Сансызбаев та кездесуден алған әсерлерін жеткізіп, жастар кадрлық резервінен қалыс қалмауға шақырды.

Көшпелі бақылау жүргізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы Н. Жанназарова бүгін Қарақия ауданына іссапары аясында аудандық ХҚКО-да болып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың сақталуы, қызмет алушыларға қолайлы жағдайдың жасалуы және кедергісіз қызметтер көрсету мәселелері бойынша көшпелі бақылау жүргізді.

Бақылау жүргізу кезінде, халық көп қолданатын қызметтерді барынша электронды түрде өз бетінше алуына бағытталған жұмысты жандандыру, бөлім ғимаратының жөндеуден өтуі бойынша ұсынымдар беріліп, сонымен қатар, қызмет алу кезектілігінің (табло) істен шыққандығы анықталды. Алайда, орталық қызметкерлері аталған кемшілікті бірден қалпына келтірді.

Көшпелі қоғамдық қабылдау

Бүгін 18.09.2019 жылы аудандық ХҚКО ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұргүл Жанназарова, өңірлік кәсіпкерлер Палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры, Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Қарасаев Нұрбек Қарасайұлы, «Маңғыстау облысының азаматтық альянсы» ЗТБ президенті, Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Ахметова Жібек Аманбайқызы көшпелі қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қабылдауға бірқатар азаматтар келіп, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметке орналасу үшін тестілеуден өту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке сұрақтарымен жүгінді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Маңғыстау облысы бойынша департаментінің

баспасөз қызметі

Тегтер: Қарақия, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.