Ә.Кекілбаевтың «Ұйқыдағы Арудың Оянуы» кітабының желісі бойынша көркем-танымдық деректі фильм түсірілуде

20 Қыркүйек, 2019 214 0

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді. 

Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының тапсырысымен «Аңызға айналған абыз» циклі шеңберінде жазушы Ә.Кекілбайұлының 80 жылдығы аясында «Ұлы дала шежіресі–архив деректерінде» фильмі дайындалып, тапсырылды. Фильмнің бас продюсері Оралбек Сарыбасов, режиссері Ақбөбек Тұлжан, сценарий авторлары Бақтыбай Жайлау мен Ақбөбек Тұлжан. Алпыс минуттық фильмнің редакторы  Бақтыбай Жайлау.  Сондай-ақ Маңғыстау облыстық білім басқармасының тапсырысы бойынша О.Сарыбасовтың жетекшілігімен Ә.Кекілбаевтың "Ұйқыдағы Арудың Оянуы" атты кітабының желісі бойынша, көркем-танымдық деректі фильм түсіріліп жатыр. Сценаридің авторы әрі қоюшы-режиссері Ақбөбек Тұлжан фильмнің кеңесшісі Алқажан Еділхан және Бақтыбай Жайлау. Елу минуттық деректі фильм қазан айының соңғы он күндігінде дайын болады.

Тегтер: Ә.Кекілбаев, 80жылдық, фильм, ҰйқыдағыАрудыңОянуы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.