Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов карантин шаралары жалғасатынын айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов карантин шаралары жалғасатынын айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. Шаһар басшысының айтуынша, мемлекет уақтылы қабылдаған қатаң шектеу шараларының арқасында қазір жағдайды бақылау мүмкін болып отыр. Алайда індетті жұқтыру қаупі әлі де бар. «Біз жаңа ережелерге сәйкес өмір сүруді үйренуіміз керек. Бүгін азық-түлік дүкендері мен өзге де тауар сататын базарлар, сауда үйлері, қонақ үйлер, мейрамханалар мен сауда ойын-сауық орталықтары өкілдерімен онлайн-кеңес өткіздім. Еліміздің бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес, азық-түлік сатпайтын базарлардың жұмысы тұрғындардың COVID-19 індетіне шалдығуы 7 күн ішінде 7%-дан аспаған жағдайда және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған жағдайда ғана қайта басталады», - деп жазады Алтай Көлгінов Instagram парақшасында. Қонақүй, сауда ойын-сауық орталықтары мен мейрамханалардың жұмысын қайта бастауға рұқсат беру (қазіргі уақытта мейрамханалар онлайн тапсырыспен жұмыс жасап жатыр) эпидемиологиялық жағдайға байланысты келесі кезеңде қаралады. «12 мамырда қоғамдық көлік пен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта басталады» дейді қала әкімі.