Астаналықтардың жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

20 Қыркүйек, 2019 275 0

Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көлік қозғалығысына жауап беретін «Астана LRT» компаниясы ұйымдардың жұмыс уақытын өзгерту туралы бағдарлама әзірлеп жатыр. Бұл туралы компания әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды «Азаттық Рухы» порталы.

«Бағдарламаның мақсаты — қарбалыс уақыттағы көлік санын азайту», — дейді дереккөз.

Халық үшін пайдасын тигізетін бағдарлама жасау үшін компания сауалнама ұйымдастырып жатыр. Сол сауалнама қорытындысы бойынша, қай сағаттарда және қаланың қай бөлігінде кептелес көп болатыны анықталады. Сол мәселені шешу үшін қаладағы ірі ұйымдардың жұмыс кестесі ауыспақ.

Сауалнамаға қатысу үшін мына сілтемедегі сұрақтарға жауап беру керек.

Тегтер: АстанаLRT, компания, жұмысуақыты, Нұр-Сұлтан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.