Шамалғандағы апат: Зардап шеккен балалар ауыр халде жатыр

20 Қыркүйек, 2019 238 0

Алматы облысының Шамалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысуынан зардап шеккен балалар әлі де ауыр халде жатыр.

Бұл туралы алматылық дәрігерлер мәлім етті. 3 және 5 жастағы қыздар Алматыдағы «Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы» МКК-ға жеткізілген болатын. 

«Оларға өкпені жасанды тыныстардыру аппараты қосылды. Тиісті ем-домды толықтай алып жатыр», - дейді денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Екі баланың анасы да апаттан зардап шеккен еді. Ол қалалық №7 клиникалық ауруханаға жеткізілген.  

«Әйелдің бірнеше жерінен сүйегі сынған. Миы шайқалған. Жағдайы «орташа» деп бағаланып отыр. Оны қазір отаға дайындап жатырмыз», - деді медицина мамандары.


Дереккөз: ktk.kz

Тегтер: Шамалғанстанциясы, пойыз, бала, автобус

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.