Жаңалықтар

Ұлт ұстазы - Ахмет айтқан асыл сөздер

Ұлт ұстазы - Ахмет айтқан асыл сөздер

1) Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.
2) Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.
3) Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.
4) Сөздің ең ұлысы – тарих.
5) Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?!
6) Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.
7) Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!
8)Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
9) Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
10) Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі.
11) Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.
12) Мектептің жаны – мұғалім. Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.
13) Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.
14) Күнелту үшін – ас керек, ас істеуге – күш керек, күшті жұмсауға – ес керек.
15) Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.
16) Алушы да, беруші де – өзіне жағымды жағын іздейді.
17) Кейбір істерді істеу керек бола тұра істеуге болмайды.
18) Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.
19) Жұрт керегін білетіндер – көп, істейтіндер – аз.
20) Талап – жоқ, үміт – мол бір халықпыз.
21) Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!
22) Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы.
Фариза Нұрбаева.