Семей полигонын жабуға қатысы бар Кешірім Бозтаев кім еді?
Семей полигонын жабуға қатысы бар Кешірім Бозтаев кім еді?
Полигонды жаптырған осы кісі
Кешірім Бозтаев - 1933 жылдың 25 шілдесінде бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданының Ақшатау ауылында дүниеге келген. К. Бозтаев Шығыс Қазақстан және Семей облыстары өнеркәсібінің дамуына зор үлес қосты. 1989 жылы 20 ақпанда СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы М. Горбачевтің атына шифрограмма жолдап, Семей сынақ полигонында ядролық сынақтардың тоқтатылуын талап еткен тұңғыш азамат. КСРО әскери - өнеркәсіптік кешенінің қарсылығына қарамастан, полигонды жабу жолында 1991 жылға дейін үздіксіз күрес жүргізді. Өзі Қазақстан Компартиясы Семей обкомының бірінші хатшысы бола отырып, 80 – жылдардың соңында құрылған «Семей – Невада» қозғалысына қолдау көрсетті.
Кешірім Бозтаев (1933-1999)
КСРО Қорғаныс министрлігінен ядролық сынақтардың радиациялық салдарлары туралы материалдарды жариялауын және бұл ақпараттарды Қазақстанға беруін, Семей полигонының маңайында орналасқан елді мекендерге қаржылық көмек көрсетілуін, тұрғындардың әлеуметтік – экономикалық жағдайының жақсартылуын, сондай-ақ өнердегі радиоэкологиялық жағдай мен тұрғындардың денсаулығын тексеретін комиссияның құрылуын талап етті.
Уикипедиядан
Семей полигонының жабылуына тікелей мұрындық болған осы кісі еді.