Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту мақсатында біз cookies файлдарын пайдаланамыз. Сайтты әрі қарай қолдану арқылы сіз cookies файлдарын пайдалануға келісетініңізді растайсыз
Қазір автобус парктері жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті жұмыс алгоритмін әзірлеп жатыр.
Ертеңнен бастап астанада автобустар жүреді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Sn.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Біз қоғамдық көлік қозғалысын ертеңнен бастап қалпына келтіреміз. Тек барлық санитарлық норма сақталуы тиіс. Қазір автобус парктері, олардың басшылығы мен жүргізушілері жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті жұмыс алгоритмін әзірлеп, қолға алып жатыр», – деді Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.