Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының дамуына жоғары баға берді
Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының дамуына жоғары баға берді
Парламент мәжілісінің депутаттары Түркістан өңіріне келді, деп хабарлайды newsroom.kz.
Түркістан облысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, “Nur Oran” фракциясының мүшелері Ержан Құдайбергенов, Дархан Мыңбай мен Елнұр Бейсенбаев арнайы іс-сапармен келді. Парламент Мәжілісінің депутаттары сайлаушылармен кездесулер өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған жол картасының орындалуын қадағалап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысын бағамдады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың қабылдауында болған халық қалаулылары Түркістан облысын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен “Nur Oran” партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының Түркістан облысы бойынша жүзеге асырылу барысын талқылады. Өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, облыс басшылығымен олардың шешу жолдарын ортаға салды. Қазіргі таңда Түркістан облысының әрбір аудан, қаласы және облыстық деңгей бойынша 17 Жол картасы әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Түркістан облысының дамуына жоғары баға беріп, басты заң шығарушы органдағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңа заң жобаларына тоқталып өтті.