Алматыда халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың есіміне көше берілді

20 Қыркүйек, 2019 190 0

Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына орай Алматы қаласындағы Бостандық ауданында орналасқан көрікті көшелердің біріне абыздың есімі берілді.

Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев және жазушының жары Клара Жұмабайқызы мен туыстары қатысты. Алматы жұртшылығын айтулы қуанышпен құттықтаған шаһар басшысы бұл шараның өз шығармаларымен мәңгі жасайтын қазақтың кемеңгер жазушысына берілген баға екенін айтты. 

Бүгін сондай-ақ, Алматыдағы Н.Назарбаев даңғылында орналасқан Ә.Кекілбаев тұрған 118-үйге мемориалдық тақта орнатылып, салтанатты жағдайда ашылды. Ал, кешке Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты кеш өтеді. 

Тегтер: Алматықаласы, 80жылдық, ӘбішКекілбайұлы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.