Түркістан облысы "Ұлттық мектеп лигасының" жеңімпазы атанды
Түркістан облысы "Ұлттық мектеп лигасының" жеңімпазы атанды
“Ұлттық мектеп лигасы” республикалық жарысы мәреге жетті, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.
“Ұлттық мектеп лигасы” республикалық деңгейде өтіп, командалық спорт түрлерінен сынға түсіп, үздіктер анықталды. Жалпыкомандалық есепте Түркістан облысы 1-орынды жеңіп алды. 2-орын Шымкент қаласы, 3-орынды Алматы қаласы иеленді.
2020 -2021 оқу жылында "Ұлттық мектеп лигасының" 4 кезеңі өтуі қажет болатын. Алайда елдегі пандемия кезіндегі санитарлық шектеулерге байланысты лига өткен жылдың іріктеу қорытындысы бойынша спорттың 10 түрінен өткізілді. Осы кезеңде 48 сайыс өтіп, оған 475 командадан 4244 оқушы қатысты. Оның 2003-і қыздардан, 2 241 ұлдардан құралған.
Ұлттық мектеп лигасын өткізу барысында 144 кубок, 1307 медаль сарапқа салынды. Оның ішінде 434 алтын, 444 күміс және 429 қола медаль әзірленген.
Тамыз кеңесі аясында "Ұлттық мектеп лигасы" бағдарламасының жүлдегерлері мен жеңімпаз командасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кубогі және арнайы дипломдармен марапатталды.