Маңғыстау облысы бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен тұрғындарға маркетингтік зерттеулер жүргізу туралы пресс-релиз

20 Қыркүйек, 2019 136 0

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы Өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, өңірлерді дамыту жоспарларын дайындау туралы кеңейтілген отырысында Елбасының, сондай-ақ Премьер-Министрдің 2019 жылғы 15 шілдедегі салаларды дамыту бойынша өңірлік бағдарламалар жасақтау туралы тапсырмаларына сәйкес, өңірлердегі аймақтық даму бағдарламаларын әзірлеу мақсатында қалалар мен аудандарда маркетингтік зерттеулер жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Зерттеудің мақсаты әлеуетті тауашаларды және кәсіпкерлер мен үй шаруашылықтарының қажеттіліктерін анықтау жолымен елді мекендерді маркетингтік талдау жүргізу болып табылады.

Зерттеу кәсіпкерлердің/үй шаруашылықтарының статистикалық және сауалнамалық деректерін талдау негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, зерттеудің неғұрлым терең нәтижелерін алу және жаңа кәсіпорындарды ашу жолымен елді мекенді дамыту жөнінде жан-жақты пікір алу үшін жергілікті сарапшыларға, атап айтқанда Атамекен кәсіпкерлер Палатасының филиалдарына, жергілікті атқарушы органдармен сұхбат беру жүргізіледі.

Қазіргі уақытта қалалар, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдіктері мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер мен үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізу бойынша жұмыстар бастады, оған: жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кадрлардағы қажеттіліктері, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың мемлекеттік қолдау шараларындағы қажеттіліктері, кәсіпкерлердің көші-қоны, үй шаруашылықтарының жұмыссыздар суреті, тұрмыстық өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға қажеттіліктер және т.б. ақпараттарды қамтиды.

Зерттеу құрылымы қамтиды:

1.     Кәсіпкерлер тізілімін өзектендіруді

2.     Кәсіпкерлердің портретін

3.     Үй шаруашылықтарының портретін

4.     Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің қажеттіліктерін

5.     Жұмыс істеп тұрған өткізу тізбектерін

6.     Бизнес ашу үшін әлеуетті тауашаларды

7.     Зерттеу қорытындыларын цифрландыруды


Тегтер: Маңғыстау, жаңалықтар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.