«Ауыл – ел бесігі» жобасымен өңірде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр
«Ауыл – ел бесігі» жобасымен өңірде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр
Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы қалай жүзеге асырылып жатқаны талқыланды, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.
Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Өңірлерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңесінің мәжілісі өтті. Жиында үш мәселе талқыланды. Атап айтсақ, Ауылды жаңғырту жоспары: Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске асырылуы; Мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі тұрғын үй құрылысы мәселелері; Түркістан облысында шағын және моноқалаларды дамыту және абаттандыру мәселелері кеңінен талқыланады. Мәжілісті Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Өңірлерді дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Алмас Салимов төрағалық етіп, жүргізіп отырды.
Бірінші мәселе бойынша Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Руслан Тұрғамбаев баяндама жасады. Оның айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша өңірде ауқымды жұмыс қолға алынған.
2021 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы республикалық бюджеттің I – нақтылауында 24 жаңа нысанның құрылысына (газ - 10, электр - 14) ұлттық қордан 3,4 млрд.тг. бөлініп, бүгінгі таңға 220 000 мың теңгесі игерілген. Газбен, жылумен және сапалы электр қуатымен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Ал екінші мәселе бойынша Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысының орынбасары Тәжібай Егетаев осы саладағы жұмыстарды баяндады.
«Облыстық құрылыс басқармасы тарапынан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 13 жоба іске асырылу жоспарланған. 13 жобаны іске асыру үшін 2021 жылға 3,2 млрд. теңге қаралған. Оның ішінде 8 білім беру, 2 мәдениет, 2 спорт және 1 денсаулық сақтау нысандарының құрылысын жүргізу жоспарланған. Биыл Түркістан облысы үшін қаржыландырудың барлық көздері арқылы 790,0 мың ш.м. тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көзделген. 2021 жылдың 1-ші жартыжылыдығының қорытындысымен (қантар-маусым) 255,8 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді (1808 пәтер), бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 102,2 пайзыға ұлғайды», – деді басқарма басшысы.
ПІКІР ҚАЛДЫРУ