Түркістан: Алдағы апта ыстық ауа райы сақталады
Түркістан: Алдағы апта ыстық ауа райы сақталады
Назарларыңызға алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынамыз. Түркістан облысында ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.
Күнгей өңірде 14-ші және 20-шы тамыз аралығында сынап бағаны +35 +40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ал таулы аудандарда +24+32 жылы болады. Тек облыстың кей жерлерінде шаңды дауыл күтілуде дейді синоптиктер.
«Түркістан облысы бойынша 14-20 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын айтатын болсақ, жауын-шашын күтілмейді. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-шығыстан 9-14, кей жерлерде 15-20 метр секундқа дейін жетеді», дейді «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Динара Айтмырзаева.