Алдымен Арыс енді Жамбылдағы жарылыс: Қорғаныс министрі отставкаға кететінін айтты
Алдымен Арыс енді Жамбылдағы жарылыс: Қорғаныс министрі отставкаға кететінін айтты
ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан кейін отставкаға кетуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.
Министрдің айтуынша, мәселе шешілгеннен кейін ол отставкаға кетуді жоспарлаған.
“Менің қазіргі ең басты мақсатым – сол апаттың салдарын тез арада жою. Отставка мәселесі жайында айтар болсам, осы хабарды естігеннен кейін алғашқы минутта мен өзім үшін отставкаға кетемін деген шешім шығардым. Ал қалғанын жоғарыдағы басшылық шешеді”, – дейді Ермекбаев.
Айта кетсек, 2019 жылы Арыс қаласындағы әскери қоймада орын алған жарылыс кезінде де қорғаныс министрлігін Нұрлан Ермекбаев басқарған еді.
Қазіргі таңда Жамбыл облысындағы апаттан 5 адам қаза тапқаны белгілі болды. Жалпы алғанда 88 азамат жарылыстың салдарынан зардап шеккен. Тағы 2 адам із-түссіз жоғалған.