Жаңалықтар

Олимпиадада бұйырмаған алтын паралимпиадада бұйырды

Олимпиадада қол жетпеген алтын паралимпиададан бұйырды. Токио төрінде өтіп жатқан 16-шы паралимпиада ойындарында отандасымыз Давид Дегтярев топ жарды, деп newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Ол парапауэрлифтингтен 54 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды. Отандық спортшы бірінші кезекте 170 келі, екіншісінде - 172, ал үшіншісінде - 174 келі көтерді. Дегтярев 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы. 2018 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2018 жылғы Азия Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері.