Жаңалықтар

Тараз Кабулдың күйін кешті: Желіде Тараздан кетпек болған тұрғындардың видеосы тарады

Тараз Кабулдың күйін кешті: Желіде Тараздан кетпек болған тұрғындардың видеосы тарады

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы жойқын жарылыстан кейін облыс орталығы Тараз қаласынан кетпек болған тұрғындардың видеосы тарады, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы. Кадрлардан көлікпен қаладан кетуге тырысқан Тараз тұрғындарын байқауға болады. Куәгерлердің айтуынша, жанармай құю бекеттерінде және қаланың шыға берісінде ұзын-сонар кептеліс пайда болған. Сондай-ақ, желіде тағы бір видео тарады. Болжам бойынша бұл видеода әскери бөлімге жақын елдімекендердің тұрғындарын эвакуациялау сәті бейнеленген. https://www.instagram.com/p/CTC3lKnHKPl/?utm_source=ig_web_copy_link Желідегі жүктелген видеоға оқырмандар өз пікірлерін білдірген. Олар айдың-күннің аманында бір сәтте Ауғаныстаннан қашқан секілді Тараздан қаша бастаған тұрғындарды сабыр сақтауға шақырған. Кейбірі сол маңда тұратынын және бәрі бақылауда екенін айтқан. "Қашып жатқандардың көбісі кішкентай балдары барлар. Баламның қорыққаны ай жылап кетейікші деп. Не болса соны жазбайық", "Сабыр сақтаңыздар төтенше жағдай орын алды. Соғыс емес қой, құдай сақтасын!", "Алла жар болсын, Тараздықтар" деген жазба қалдырған. Естеріңізге сала кетсек, салсақ, кеше Жамбыл облысында ә.скери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.