Жаңалықтар

Жаңа оқу жылына дайындық 100 пайыз аяқталуы тиіс

Жаңа оқу жылына дайындық 100 пайыз аяқталуы тиіс

Ведомствоаралық комиссияның отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселесі де пысықталды. Вице-премьер Ералы Тоғжанов мектеп басшыларына келесідей міндеттер жүктеді. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында айтылды деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы.ГРАФИКА - Медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакциналауды аяқтау; - Санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету; - Мұғалімдер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында «Ashyq» жүйесін қосу; - Білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету; - Мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау. Вице-премьердің тапсырмасымен, аталған міндеттер тамыз айының соңына дейін орындалуы тиіс. https://youtu.be/NcFsY2L_R84?t=146