Жаңалықтар

«Ашығың» жасыл болса, есік те ашық

Қосымшаң ашық болса, келушілерге есігің де ашық. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімімен 28 тамыздан бастап кей бизнес субъектілері үшін карантиндік шектеулер жұмсарады, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы. Дәлірек айтсақ, "Ashyq"  жобасын енгізген нысандар енді демалыс күндері түнгі он екіге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал жоба көшбасшыларына сағат 2.00-ге дейін қызмет көрсетуге болады. Сондай-ақ, 30 тамыздан бастап, яғни жұмыс күндері қызмет көрсету уакыты кешкі оннан түнгі он екіге дейін, ал жоба лидерлері үшін түнгі он екіден екіге дейін ұзартылытынын «Еуразия» бірінші арнасында айтыды. Алайда қосымшадағы статусы «көк» жандар үшін әзірге көп жерге баруға рұқсат жоқ. Қолында ПТР сынамасының теріс нәтижесі болуы тиіс. Ал «жасыл» мәртебесі бар қызметкер мен келушілерге есік айқара ашық. Тағы бір өзгеріс - сенбі күні қоғамдық көлік қайта жүретін болады. Айта кетерлігі, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шаһардағы  шектеу шараларын жеңілдету мәселесі 4 қыркүйекке дейін шегерілді. https://youtu.be/NcFsY2L_R84?t=85