Жаңалықтар

Павлодарда жөндеуден өткен перзентхананы жаңбырдан кейін су басты

Көзбояушылық салдары. Павлодарда жөндеуден өткен перзентхананы жаңбырдан кейін су басып қалды. Шатырдан сорғалаған су едендерге лық толып, қызметкерлер мен пациенттерді әбден әбігерге салған, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы. «Еуразия» бірінші арнасында айтылды. Видеода көргендей төбеден, розеткалардан судың сорғалап жатқаны түсірілген. Бұл мәселемен Nur Otan партиясы өкілдері айналысуда. Саяси ұйымның Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко сапасыз жөнделген шатыр үшін мердігер ұйымының құрылысшыларына шүйлікті. "Бұл әлеуметтік нысан, бұл жерде сәбилер дүниеге келеді. Сіз бен біздің балаларымыз...", - деп ашуланды ол. Партия мүшесі перинаталды орталыққа "идеологиялық және патриоттық" тұрғыдан қарауды талап етті. https://youtu.be/y9NmZNMSOfE