Жаңалықтар

Орман өрті дес бермеуде

Орман өрті дес бермеуде

Батыс Қазақстан облысында дала және орман өрті толастар емес. Дәл қазір Ақжайық ауданы Бударин ауылының маңындағы тоғай жанып жатыр, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап. Орман шаруашылығына қарасты ағашты алқаптардың отқа оранғанына бүгін үшінші күн. Тілсіз жауды тізгіндеуге облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен табиғи ресурстар басқармасының 22 дана техникасы, 101 қызметкері жұмылдырылыпты. Алайда нәтиже болмай тұр. Аптап ыстық пен аңызақ желдің салдарынан жалын жан-жаққа жайылып барады. Сол себепті көмекке Атырау қаласынан әуе техникасы арнайы шақыртылды. «Қазавиаспас» мекемесінің «Ми-8» тікұшағы өзен жайылмасындағы өртті сөндіруде. Тікұшақ бір көтерілгенде 5 текшеметрге дейін су шашады екен. «Мына орман ішінде техникалардың, адамдардың кіруіне қиын учаске жерлер бар. Сол жерлерге тікұшақпен жоғарыдан су құйылады. Өрттің өшпей тұрған себебі күннің қазір көріп тұрғандай ыстығы 40 градустан неше аптадан бері осылай. Сосын  елдің қаттылығы. Қазір 4 жерде «боевой» участок жұмыс жасауда»,-дейді БҚО ТЖД басқарма басшысы Рауан Қайырғалиев. https://youtu.be/y9NmZNMSOfE