Жалған еріктілер жануарларды қинаған
Жалған еріктілер жануарларды қинаған
Табиғат қорғау полициясы Алматы облысында жануарларды ұстайтын орынды анықтады. Оны ұйымдастырған үш адамға әкімшілік хаттама толтырылған. Естеріңізге сала кетсек, "Еуразия" бірінші арнасының тілшілері Әли елдімекенінде жалған еріктілер ақылы түрде үй жануарларын алып, оларды уақытша ұстауға және орналастыруға уәде бергендер туралы мәселе көтерген болатын. Бірақ, олар жануарларды қала сыртына шығарып, азықсыз, сусыз тастап кеткен. Қалалық ветеринария қызметінің өкілдері мен табиғат қорғау полициясы оқиға орнына барып, қараусыз қалған орталықта 90 үй жануарын тапқан. Оның көбі ауруға шалдығыпты. Ондаған өлексені көміп тастаған екен, деп хабарлайды NewsRoom.kz.порталы хабарлайды.
"Басқарманың ветеринария білімінің қызметкерлері мен қалалық ветеринария қызметінің ветеринар дәрігерлері Әли елдімекеніне барып, ауланған иттердің бар-жоғын анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша 24 ит анықталды. Бұл жануарлардың барлығы иелеріне қайтарылды",-дейді Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айгерім Жақсылық.
Алайда жануарларды қорлағандарға тек 9 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Табиғат қорғау полициясы «жануарларға қатыгездік таныту» бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға негіз жоқ деп отыр. Қазіргі таңда ветеринарлар мен жануарларды қорғаушылар төрт аяқтыларды емдеп, жақын күндері қаладағы арнайы мекемелерге орналастырмақ ниетте.
https://youtu.be/y9NmZNMSOfE