Жаңалықтар

Тәліптер кеңес құрды

Тәліптер кеңес құрды

Ал осы Ауғанстандағы билікті қолына алған "Талибан" радикалды қозғалысы елді басқару үшін кеңес құрмақ. Оның құрамына 12 адам кіреді. Бұл тізімде елдің бұрынғы үкіметінің қатарында болған бірнеше лауазымды тұлға бар. Бұл жөнінде АҚШ басылымдары мәлімдеді. Деректерге жүгінсек, кеңестің құрамына "Талибан" саяси қанатының көшбасшысы Абдул Ғани Барадар, әскери комиссия басшысы Моулави Якуб, диверсиялық топтың дала командирі Сираджуддин Хаккани кірген. Сондай-ақ, тәліптер Ауғанстанда президент немесе қандай да бір көшбасшы қызметін орнатқысы келмейтін көрінеді. Олар елдің бұрынғы үкімет мүшелеріне өз таңдауы бойынша жаңа кабинетте министрлік қызмет ұсынуға ниетті. Осылайша содырлар халықаралық қауымдастық өз билігін мойындау үшін инклюзивті іспеттес үкімет құрмақ. Ал, бүгін радикалды топ АҚШ билігіне жаңа талап қойды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап NewsRoom.kz. порталы хабарлайды. "АҚШ өз әскерін 1 мамырда шығарамыз деп уәде берген. Бірақ, бұл мерзім өтіп кетті. Енді, Байден 31 тамыз күні барлық күш-құрылымдарын Ауған жерінен алып кететінін мәлімдеді. Бұл соңғы мүмкіндік. Егер, ол уақытқа дейін сарбаздар эвакуцияланбаса біздің басшылық бұл әрекетті басқыншылыққа жасалған қадам деп қабылдап, тиісті шара қолданатын болады",- деді "Талибан" саяси кеңсесінің баспасөз хатшысы Сухейл Шахин. https://youtu.be/y9NmZNMSOfE