Карантин шектеулері жеңілдей ме?
Карантин шектеулері жеңілдей ме?
Елде карантиндік шектеулер жеңілдеуі мүмкін. Үкімет басшысы Асқар Мамин «Ашық» қосымшасын енгізген кәсіп иелері үшін демалыс күнгі локдаунды алып тастауды тапсырды. Алайда бұл норма тек эпидахуалы тұрақталып жатқан өңірлерге қатысты. Ал бас дәрігер Алексей Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжамды жариялады. Егер бәрі жақсы болса қазан айында ковид жұқтырғандар саны 1300-ге дейін азаймақ. Ал карантин талаптары дұрыс сақталмаса 6 мыңның үстінде болмақ. Үкіметте басқа не айтылды?Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап NewsRoom.kz. порталы хабарлайды.
«Маминнің командасына берілген соңғы мүмкіндіктің те сұралатын кезі алыс емес. «Күзге дейін елдегі эпид ахуал тұрақталмаса, Үкіметтің бұл құрамда қалуы екіталай» деген Президенттің ескертуі ел есінен кеткен жоқ. Сәйкестік пе қайдам, мерзім жақындаған сайын, Министрлер кабинетінің берген есебі де жақсарып барады».
«Эпидемологиялық жағдай жақсарып келеді. Ауру деңгейі төмендей бастады. Өткен аптада вирустың репродуктивтілік индексі бірден төмен, қазір 0,93 деңгейінде»,-дейді ҚР премьер-министрі Асқар Мамин.
Алайда, бас дәрігер келтірген сандарды сараласаң, жағдайдың әлі соншалықты бір жақсарғаны байқалмайды.
«Занятость инфекционных коек составляет 49 процентов, реанимационных коек 46 процентов. Высокая занятость отмечсается в Актюбенске -68, Алматы 61, Алматиская область -59 процентов»,-деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Дегенмен, күн сайынғы өсім азайды. Соңғы екі аптада вирус жұқтыру деректері 7 процентке төмендеген. Сәйкесінше, карантиндік шектеулердің де жеңілдейтін жөні бар.
«Ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлердегі Ашық жүйесіне қатысатын бизнес-субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдетуді тапсырамын»,-деді премьер-министр.
Алайда, бұл жеңілдіктердің қай өңірлер үшін екені әзірге белгісіз. Мұны алдағы уақытта ведомствоаралық комиссия хабарлайды. Анығы, бас дәрігердің дайындап қойған жаңа жоспары бар. Оған сәйкес, күз айында ауырғандар есебі келесідей өзгереді. Пессимистік сценариймен тәулігіне кемі 6000, реалистік жоспармен 5300, ал оптимистік жоспармен 4200 науқасқа дейін тіркеледі. Ал бәрі жақсы болса, қазанда 1300-ге дейін де түсуі мүмкін.
«Анализ заболеваемости показал что, оснавная доля заболевших и больных и тяжелых пациентов приходится на не вакцинированное население»,- ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Иә, қазірде індетпен күресіп жатқандардың 98 проценті екпе алмағандар екен. Жауапты министрліктің таратқан мәліметіне сәйкес, вакцинаның қос компонентін әзірге 5 млн қазақстандық қана қабылдаған. Екпе салдыру бойынша жоғары көрсеткіш үш мегополис пен Түркістан облысында байқалып отыр.
https://youtu.be/FG6JWjpFgH0