Жаңалықтар

Жайдармандағы "байдың баласы": "Шамам келсе, 4 әйел аламын"

Жайдармандағы "байдың баласы": "Шамам келсе, 4 әйел аламын"

Жайдарманшы, әзілкеш Ұлан Мықтыбек пен жарының екеуара болған сұхбаты жарияланды. Әзілкеш әйелінің көкейіндегі сауалға ел алдында жауап берді. Бұл туралы әзілкеш “Мәміле” бағдарламасында айтты деп хабарлайды Oibainews.kz. порталы. Ұлан Мықтыбек “Байдың балалары” тобының мүшесі. Өз аудиториясы мен тұрақты көрермені бар. Соңғы кезде комедияларда, сериалдарда бой көрсетіп жүр. Үйден гөрі сыртта көп жүретін актер жарының қойған сұрақтарына жауап берді. “Мен әйелімді үнемі ойлап жүремін деп айта алмаймын. Бала-шағамды, әйелімді ойлаймын. Сыртта жүрсем үнемі хабарласып, қалдарын біліп отырамын. Денсаулығын, қал-жағдайын білем. Басқа уақытта қарбалас, жұмыс дегендей. Сыртта да үйдегі Ұланмын. Көңілді жүремін”, – деді әзілкеш. Әзілкеш екінші әйел алуға, шама келсе, 4 әйел алуға қарсы емес. Ол үшін бәйбіше рұқсатын алсам дейді. “Шариғатта екі емес, төрт әйелге дейін рұқсат қой. Бәйбішем рұқсат етсе, екінші әйел алу ойымда бар. Тіпті 4 әйелге дейін алуға болады. Оған шама керек. Бәйбіше рұқсат етсе болды”, – деді ол. Әзілкештің жары бұған қарсылығын білдірген жоқ. Алайда бұл болашақтың еншісінде. Әзірге әзілкеш Дубайға баратындай да жағдайда емес. “Дубайға барғым келеді. Ата-анамды, әйел, бала-шағамды апарып қыдыртқым келеді. Бірақ Әзірге Шымбұлаққа барсақ та жаман емес. Соған жетсек деймін”, – деді Ұлан. Ұлан Мықтыбай тобы “Жайдарманнан” не себепті бесінші орын алғанын түсіндірді. “Бұл туралы көп сұрақтар келеді. Біз өзіміз лайық болмадық. Дайындық аз болды. Басқа ешнәрсе айтқым келмейді, ешкімге ренжігім келмейді”, – деді әзілкеш. Әзілкеш үшін ең құнды сыйлық 13 жасында алған гитарасы. “Бала күнімде маған туыстарым гитара сыйлаған еді. Ол кезде 13 жастамын. Сол кезде менде музыкаға деген, шығармашылыққа деген қызығушылық пайда болды. Сондықтан ол мен үшін ең бірінші әрі ең бағалы сыйлық болып саналады”, – деді Ұлан Мықтыбек. Ұлан мырза ата-анасымен мәңгі бірге тұрғысы келеді. Әйелдің үйде отырғанын жөн санайды. “Мен ақша тауып жатырмын, әкем ақша тауып жатыр. Анам да өмір бойы үйде отыр. Сол секілді әйелімнің үйде, балаларға қарап отырғанын қалаймын. Ата-анамнан бөлек кетемін деп айта алмаймын. Әйелім бөлек кетейік деп айтса да, кетпеймін. Егер жұмыс бабымен бөлек кетуге тура келмесе, үнемі бірге тұрғым келеді”, – деді актер.