Жаңалықтар

Шымкентте 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктер жүре бастайды

Шымкентте 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктер жүре бастайды

Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті. - Қазақстанда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынды. Алайда пандемияның кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы аумағында 11 мамырдан 25 мамырға дейін карантин тәртібі сақталады. Қазіргі таңда қаланың кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Барлық жағдай қатаң бақылауда. Дегенмен, карантин талаптары біршама жеңілдетілуде. Бұл ретте, Шымкент қаласында 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктер таңғы 07:00 мен кешкі 21:00 аралығында тиісті санитарлық нормаларды сақтай отырып, жүре бастайды, - деді қала әкімінің бірінші орынбасары. Ербол Садырдың мәлімдеуінше, қала аумағындағы базарлар да (автокөлік базары мен мал базарынан бөлек) ертеңнен бастап 10:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істей бастайды.