Бибігүл Дәулетбекқызы жақсы жаңалығымен бөлісті

18 Қыркүйек, 2019 492 0

Бибігүл Дәулетбекқызы мен Нұрболхан Шараповтың үстінен қозғалған қылмыстық іс әлі жалғасып жатыр. Алайда танымал тележурналист Бибігүл өзінің Instagram желісінде жақсы жаңалығымен бөлісіп, судьяға рақметін айтты, деп хабарлайды oinet.kz .

16 қыркүйек Бибігүл мен Нұрболханның сот процесі болады деп хабалап едік. Сот отырысында Бибігүл Дәулетбекқызының қорғаушысы Айман Омарова сот төрешісіне шағым айтқан еді.

«Ғаламтор деген виртуальные пространства. Айда деп айтса да бола береді. Мысалы да, неге Америкаға сотқа берген жоқ, Америкада жазған шығар мысалы. Ал бірақ біз өзіміз айтып отырмыз, бұл кісі Алматыда болған. Жазғанын бұл кісі айтып тұр: «Ия мен жаздым» дейді. Былай да қарадым. Бұл жерде де қарадым, жазылған жоқ. Неге екі бөлек қылмыстық іс бірге қосылған», - деп шағымданды Айман Омарова.

 Белгілі адвокаттың шағымы ертесі күні қаралып, оң шешімін тапқан екен. Бұл туралы Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желіде арнайы хабарлап жазды

«Қорғаушым Айман Омарованың шағымын судья Тобағалиұлы осылай бүгін таңертеңгілік сағат 10:00-де қаулысын шығарды. Судьяға рақмет! Бізге алаңдап, қолдау көрсеткен баршаңызға мың алғыс! Сондай-ақ, сотқа келіп гүлін ұсынған жас Анаға басымды идім!», - деп жазады Бибігүл Дәулетбекқызы.

image.png

Тележурналист өзін қолдап келген Алтынай Жорабаева да алғысын айтты. Бибігүл постты Алматыда жазғандықтан сот Алматы қаласында қаралатын болды.

«Үзіліс кезінде "Бибігүл Дәулетбекқызы, Айман Мұратқызы шөлдеп қалған боларсыздар деп, су әкеліп берген жандарыма да рақмет! Ал мені қолдауға келген қыздарым мен ұйымдастырушы Руслан мен Гүлданаға алғысым шексіз!!! Әнші Алтынай Жорабаева жаныма енді сөз жоқ. Өз пікірі, ешкімнің жыртыңдаған сөзіне ілінбейтін қазақтың біртуар қайсар қызына баршамыз болып рақметімізді айтайықшы, халайық!????????

Ең қызығы осы Сеңгірбекованың бағдарламасында алданып қалған кейіпкер Салтушаға менің оқырмандарымның аузы ашылып қалды. Сюрприз жасадық барлығыңызға. @saltanat.hanum - алтын қыз, менімен бірге болғаныңызға шын жүрегімен рақметімді айтамын! Алдағы уақытта сот Алматы қаласында болады. Мені шын ниетімен қолдаған жанашырларыма айтарым: Екі дүниенің бақытын берсін!», - деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.

Ал Нұрболхан Шараповтың соты елордада қаралмақ. Бастысы, қос айыпталушы екі бөлінгеніне қуанып отыр. Тағы бір айта кететін жайт, Ләйла Сұлтанқызы сот барысында бұл жолы да бой көрсетпепті.

Тегтер: БибігүлДәулетбекқызы, НұрболханШарапов, сот, қылмыстықіс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.