Тоқаев «5-10-20» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасын жариялады
Тоқаев «5-10-20» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасын жариялады
ашық дереккөзі
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған жаңа бағдарламаның іске қосылғандығын жариялады, - деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
"Халықты әлеуметтік қорғау үшін және экономикамыздың дамуына қарқын сыйлау үшін қолжетімді баспана салынуы керек. Елбасы бастама болған «7-20-25» бағдарламасы тұрғын үй құрылысы мен ипотекалық несиелердің жандануына үлкен серпін алып келді. Баспана кезегінде тұрғандардың мәселесін шешу үшін ипотекалық үймен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа «5-10-20» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Бұл мақсатта дағдарысқа қарсы шара ретінде мемлекет тарапынан 390 млрд теңге бөлінеді. Бұл жылы елімізде тұрғын үй құрылысына рекордты түрде көп күш жұмсалады: шамамен 150 млн шаршы метр немесе 150 мың жаңа пәтер тұрғызылады. Қазақстандықтар үшін тұрғын үй жағдайын дамытуға деген іс-шараларды жалғастыруымыз аса қажет. Бұл үкіметтің маңызды стратегиялық жұмыс бағыттарының бірі болмақ", - деп мәлімдеді Тоқаев.