Жаңалықтар

Түркістан облысында газдандыру деңгейі 66,2 пайызға жетті

Түркістан облысында газдандыру деңгейі 66,2 пайызға жетті

   width= Түркістан облысындағы үш ауданда газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды NewsRoom.kz.порталы. Газдандыру жұмыстары қарқын алған Қазығұрт ауданында 64 елдімекен болса, оның ішінде 44 ауыл газдандырылған, бұл 68% көрсеткішті құрайды. Ал, Сарыағаш ауданындағы 71 елдімекеннің 38-і газдандырылған, бұл ауданда газдандыру көрсеткіші 53,5%-ға жетті. Сонымен қатар, Келес ауданында газдандыру деңгейі 46,9%-ды құрап отыр, яғни аудандағы 83 елдімекеннің 39-ы табиғи газға қосылған. Осы елдімекендерді газдандыру арқылы Түркістан облысы бойынша газдандыру деңгейі 66,2 пайызға жетіп отыр. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша "ҚазТрансГаз" АҚ Түркістан облысының әкімдігімен бірлесіп Қазығұрт, Сарыағаш және Келес аудандарының 19 елді мекеніне газ жеткізу жұмыстарын аяқтады.