Жаңалықтар

Түркістан: Аудандар арасында жайылымды пайдалану туралы меморандум түзілді

Түркістан: Аудандар арасында жайылымды пайдалану туралы меморандум түзілді

 width= Түркістан облысындағы бірнеше аудан қуаңшылық зардабын көруі мүмкін, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі. Биылғы қуаңшылық Түркістан облысының Келес, Сарыағаш аудандарының алқаптарына да кері әсерін тигізіп, табиғи шөп бітік шықпағаны белгілі. Алдағы қыс айларында мал азығының тапшылығын алдын алу мақсатында облыстағы орман қорының жерлерінен табиғи шөптерді орып алу ұйымдастырылуда және Келес, Сарыағаш, Жетсай, Мақтарал аудандары Шардара, Отырар аудандарының жайылымдарын пайдалану туралы меморандум жасалынды. Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, облыстың агроқұрылымдарына орман қоры жерінен жайылымдық және шабындық жерлер ұсынылып, ағымдағы жылдың 6 айында 545 агроқұрылымға 562,9 мың га жайылым жер, шөп шабуға 23 агроқұрылымға 1,5 мың га шабындық жер берілді.