Жаңалықтар

Ауладағы көліктер мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергі келтіруде

Ауладағы көліктер мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергі келтіруде

Көліктер жолымызға кедергі келтіреді! Қалада тұратын мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалы аналардан осындай шағым көбейген. Өйткені далаға шыққанда арба сүйрейтін олар биік пандустарды қойып, енді көлігін қалай болса солай қойып, жолды жауып тастайтын жүргізушілермен арпалысып жүрміз дейді.Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасаған NewsRoom.kz.порталы хабарлайды. Көліктер жолымызға кедергі келтіреді! Қалада тұратын мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалы аналардан осындай шағым көбейген. Өйткені далаға шыққанда арба сүйрейтін олар биік пандустарды қойып, енді көлігін қалай болса солай қойып, жолды жауып тастайтын жүргізушілермен  арпалысып жүрміз дейді. Мәселенің мән-жайын тілшіміз тарқатсын. "Пандус былай тұрсын, жолдың өзін дұрыс істемейді ғой, бордюрдың өзін дұрыс істемейді". Қала тұрғыны Дидар Мұхамеджанов үйге немесе өзге мекемеге кіріп шыққан сайын тап болатын бірінші мәселе осы дейді. Ал екіншісі  есік алдына қойылған көліктер. Темір тұлпарымен кіре берісті жауып, кедергі келтіріп, әуре-сарсаңға салатындар жиі кездеседі екен. «Кейбіреуінде негатив болады, кейбіреуі түсініп кешірім сұрап, көліктерін өздері алып жатады, егер бізге бөгет жасаса. Ал кейбір көліктерді, сөздің шыны керек, алдыра алмай қаламыз кейде. Тиісті орындарға шағымданғанмен тек айыппұл жазады болды»,-дейді қала тұрғыны Дидар Мұхамеджанов. Қараңыздар екі машина жолды жауып қойып тастаған. Мысалы мүгедек, арбадағы кісілер келді, таяқтағы кісілер сонда айналып жүре ме? Яғни белгіленбеген орынға көлігін оңды-солды қоя салатын жүргізушілерге ашуланатын тек Дидар емес. Арбадағы кішкентай баласымен серуенге шыққан аналар да, науқасқа келген жедел жәрдем қызметкерлері де осы көріністің куәсі болады. Ал қоғам белсендісі Айша Құрманғали аталған мәселені айыппұлмен ғана емес, әр аулаға арнайы белгілер қою арқылы шешу керек деген ойда. «Жалпы ауланың сыйымдылығы, көлік тұрақтарының жеткіліксіздігі салдарынан, екіншіден біздің жүргізушілердің мәдениетінің төмендігі салдарынан осындай жағдайлар орын алады. Бұл барлық қалаға тән құбылыс деп ойлаймын. Мысалы аулаларға көлікті қойған кезде пандустардың алдына қоймауға бір белгі қою керек шығар. Қаланың бас жоспарын жасаған кезде, үйлердің құрылысын жоспарлаған кезде біздің құрылыс компаниялары, жоба жасаушылар осыны ескеріп, қамтуы керек»,-дейі қоғам белсендісі Айша Құрманғали. Ал, адамдардың жүріп-тұруына кедергі келтірген көлік иелеріне бірінші ретте 10 айлық есептік көрсеткіш, яғни 29 170 теңге айыппұл салынады. Ал екінші рет қайталанса, жүргізуші 5 АЕК көлемінде қаржы төлейді. Бірақ қалтасы жұқарған жандар бұдан көлік қою мәдениетін үйрене қоймаған сыңайлы. Себебі бір Нұр-Сұлтан қаласының өзінде жыл басынан бері осы іске қатысты 6 мың шағым түскен. «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597 бабына сәйкес, 6000-нан астам әкімшілік хаттамалар толтырылған болатын. Соның ішінде сомасына келетін болсақ, 500 млн тг астам сомаға айыппұл салынған. Жол жүру ережесі көрсеткендей, белгіленген жерге ғана, тұрақтарға ғана көліктерді қою керек»,-дейді қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Бауыржан Тоқжұманов. Көлігімен жолды жауып тастайтын жүргізушілерден шаршаған кейбір тұрғындар есік алдына осылай темір орнатып қойған. Бірақ санаулы. Ал өзгелер заң күшеймесе, бұған атүсті қарайтын көлік иелері азаймайды деп отыр. https://youtu.be/Opg8d9nwKAI