Жаңалықтар

Түлкібас ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру шаралары жүргізілді

Түлкібас ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру шаралары жүргізілді

 width= ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Түлкібас ауданына сапары барысында  Майлыкент ауылдық округінің ұжымымен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы NewsRoom.kz. порталы хабарлайды. Жиын барысында сыбайластықтың салдары мен зардабы, бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарға берілетін ақшалай сыйақы мөлшері баяндалды. Өз кезегінде Ерұлан Тұңғышбаев аталған  Әкімшілік Заңнамаға сәйкес,  мемлекеттік  функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген немесе оған теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілгенін,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған мемлекеттік орган басшылары айыппұл төлейтінін және қызметтен тыс қаржыландыру көзімен айналысқан мемлекеттік органдарға қомақты айыппұл салынатынын жеткізді.