Арыстағы өрттен кейін экологиялық ахуал қалыпты жағдайда
Арыстағы өрттен кейін экологиялық ахуал қалыпты жағдайда
Арыс қаласындағы пойыз өртінен кейін зерттеулер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.
Түркістан облысы Арыс қалалық санитариялық бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Құлмұратов қала іргесінде отқа оранған жүк вагонына қатысты мәлімдеме жасады. Басқарма басшысы оқиға орнындағы топырақ пен ауадан мамандар арнайы сынама алғанын атап өтті.
"Олардың болжауынша, қазіргі кезде ауа адам өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Экологиялық ахуал қалыпты деңгейде", - дейді ол.
Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Арыс қаласында сары фосфор тиелген жүк пойызынан өрт шығып, жалын екі вагонды жалмаған еді.