Түркістанда 300 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі
Түркістанда 300 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізіледі
Түркістан қаласында биыл 300 көшеге тас төсеу жұмыстары жүреді, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.
Түркістан қаласында 845 шақырымды құрайтын жалпы 875 көше бар. Оның 301 шақырымы, яғни 35,6 пайызы – асфальт, 257,6 шақырымға тең 30,5 пайызы - тасжол. Қалған 33,9 пайызды құрайтын 286,4 шақырымы – топырақ жол.
Биыл Түркістан қаласында 286,4 шақырымды құрайтын 300 көшеге тас төсеу жұмыстары жоспарланған болатын. Қазіргі таңда, Баянауыл елдімекеніндегі 10,8 шақырымды құрайтын 13 көшеге, Тұран мөлтек ауданындағы 27,7 шақырымды құрайтын 34 көшеге тас төселуде.
Сонымен қатар, Сауран мөлтек ауданындағы 6,5 шақырымды құрайтын 5 көшеге тас төсеу үшін жер төсемі тегістелген. Сондай-ақ, Тұран мөлтек ауданындағы 53,5 шақырымды құрайтын 40 көше жөндеуден өтеді деп жоспарланған.