Ұлттық сенім телефоны «111» жедел қызметі ҮЕҰ өкілдерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

16 Қыркүйек, 2019 143 0

2019 жылдың 16 қыркүйегінде сағат 11.00-де «Астанателеком»  ғимаратында  (Кенесары көшесі, 55) «111 жедел қызметі» Ұлттық сенім телефоны  мен  жастар және балалармен жұмыс істейтін  «Бақытты бала» ҚҚ, «AUTISM KAZAKHSTAN» ұлттық қауымдастығы, «Астана мүгедек балалар қоғамы» ҚБ, «Право» ҚҚ, «Қорғау-Астана» ЖҚ, «Жастар конгресі» ЗТБ, «Жас Ұлан» РҚҚ, «Келешек» психологиялық орталығы және «Балалар мен әйелдердің құқықтарын бақылау орталығы» ҚҚ үкіметтік емес ұйымдар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қойған барлық үкіметтік емес ұйымдар «Балаға мейірімді Қазақстан» қоғамдық қозғалысының мүшелері болып табылады.

 Іс-шара «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты шеңберінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өткізілді.

Меморандумның мақсаты – балалар мәселесі бойынша бірлескен іс-әрекеттер ауқымын кеңейту мен серіктестікті арттыру.

Тараптар барлық деңгейдегі ынтымақтастықты қолдауға, балалар мен жастардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауға және өзара  аналитикалық және анықтамалық материалдармен алмасуды жоспарлауда.

Ынтымақтастықтың басым бағыттары: балалар мен жастарды құқықтық ақпараттандыру, балалар мен жастардың мүдделеріне қатысты мәселелерді шешуге жұмылдыру, арнайы мамандарды шақыру арқылы бірлескен семинарлар, конференциялар, семинарлар ұйымдастыру және  «Инклюзивті қоғам» ортасын іске асыру аясында бірлескен іс-шаралар өткізу және т.б.

«KT Cloud Lab» ЖШС-нің коммерциялық директоры Георгий Битадзе құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі ҮЕҰ жетекшілеріне балалардың мүддесі үшін жасаған көп жылдық белсенді жұмыстары үшін алғысын білдірді және меморандумға қол қойғаннан кейін әр ұйым сенім телефонымен өзара әрекеттесудің белгілі ережелерін әзірлеуі керек екенін жеткізді.Сонымен қатар  кері байланыс орнату үшін сенім телефонына хабарласқан балаларға қайталама қоңыраулар бойынша көмек көрсетуге және  ары қарай орнатылатын байланысты жүзеге асыруға дайын еріктілердің жұмысын пайдалану қажеттілігі жайлы айтты.

Ұлттық сенім телефоны  «111» жедел қызметі   басшысы Аяш Макенова серіктестерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтты.  Сенім телефонының қызметімен таныстыра келе  жұмыс көлемінің ай сайын көбейіп жатқанын, өткен аптаның өзінде 60 мың қоңырау қабылданғанын жеткізді.  Сонымен қатар тәуліктік қызметті ұсынғаны үшін «KT Cloud Lab» ЖШС басшылығына алғысын білдірді.

Кездесу барысында «111 жедел қызметімен» таныстыру мақсатында іс-шараға қатысушылар үшін  арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Кездесу соңында меморандум шеңберіндегі одан әрі әрекет ету мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.



Тегтер: «111»жеделқызметі, ұлттықсенім, меморандум

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.