Ауыл әкімдеріне қызметтік куәлік табысталды
Ауыл әкімдеріне қызметтік куәлік табысталды
Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова ауыл әкімдерінің сайлауында басым дауысқа ие болып, жеңіске жеткен әкімдерге қызметтік куәліктерін табыстады, деп хабарлайды Newsroom.kz.порталы.
Шараға Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Санжар Ерланұлы мен Арыс қалалық мәслихатының хатшысы Амантай Батанаев және қала әкімі аппаратының жетекшілері және қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысты.
Айта кетейік, Арыс қаласындағы Монтайтас, Байырқұм, Жиделі және Қожатоғай ауылдық округтерінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп, нәтижесінде ел сенім артқан әкімдер анықталды. Осыған байланысты Арыс қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 27 шілдедегі шешіміне сәйкес, ауыл әкімдеріне қызметтік куәліктер табыс етілді.
Атап айтқанда, Монтайтас ауылдық округінің әкімі Ахметов Ербол Батырбекұлы мен Қожатоғой ауылдық округінің әкімі Елшібаев Зәкірқожа Үсенұлына, Байырқұм ауылдық округінің әкімі Мейрбеков Жолбарыс Рысбекұлы мен Жиделі ауылдық округінің әкімі Өмірзақов Мәди Әріпұлына қызметтік куәліктер салтанатты түрде тапсырылды.