Жаңалықтар

577 миллион теңге! Токиоға барған спортшылар қанша сыйақы алады?

577 миллион теңге. Токиоға қатысқан жерлестеріміздің сыйақысына осынша қаржы қарастырылған. Биыл спортшыларымыз 8 қола жеңіп алды. Сәйкесінше, әрқайсысына 75 мың доллардан беріледі. Бұл шамамен 32 миллион теңге. Бұған қоса, жүлдеге ілікпегендер де сыйақы алады. Мәселен, 4-ші орынға тұрақтаған теннисші Елена Рыбакинаға 12 миллион теңге, ал, бокстан жартылай финалға шыға алмаған Әбілхан Аманқұл мен Зәкір Сафиуллинге 4 миллион 200 мың теңгеден табысталады. Дәл осындай сыйақыны Данияр Қайсанов пен Дәулет Ниязбеков және гимнастика бойынша жалпы есепте 5-ші сатыға тұрақтаған Милад Карими де иемденеді. Сонымен қатар, олардың бапкерлеріне де қосымша төлем қарастырылған. Вообщым, беріп жатыр, беріп жатыр. Олимпиадада масқара болғанымызға қарамастан әлі бір-бірімізді марапаттаудан қол тиер емес. Ал, сол ойындардағы мәселелер, түйіткілдер, кемшіліктер әлі толыққанды талқыланған жоқ. Ешкім қызметінен алынбады. Молодес. Осы беттен таймаңыз. Отандық спорт өз-өзінен өркендеп, өз-өзімен дами түседі деген үміттемін.  

Белгілі журналист Аслан Қаженовтің парақшасынан алынды